Геннадий Головкин Азиадада екі алтын медаль жеңіп алған велошабандоздарды құттықтады

Геннадий Головкин Азиадада екі алтын медаль жеңіп алған велошабандоздарды құттықтады
Фото: ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы күнінде тасжолдағы велоспорттан екі алтын медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасын құттықтады.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Рината Сұлтанова жеңімпаз атанса, ерлер арасындағы бәсекеде Алексей Луценко алтын медаль иеленді. Луценко үшін бұл Азия ойындарындағы бесінші алтын жүлде болды.

Геннадий Головкин спортшыларды жеңісімен құттықтап, Қазақстан құрамасының алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

Қазақстандық велошабандоздарды Азия ойындарында тағы екі маңызды жарыс күтіп тұр. Олар – әйелдер мен ерлер арасындағы тасжолдағы топтық жарыстар.

Айта кетейік, Айти-Нагоядағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз