Жаңалықтар

Генерал-майор Шацков Владимир Александрович

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 25 жыл
Генерал-майор Шацков Владимир Александрович
27.09.2017 15:09 4957

1950 жылы 26 наурызда Ресейдің Ростов облысында дүниеге келген. 1974 жылы Орджоникидзе жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1985 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Түркістан, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі , құрама шбат бастығының орынбасары, қару-жарақ және әскери техниканы сақтау базасының командирі қызметтерін атқарған. Армиялық корпус командирінің, Шығыс әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарын атқарған. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірқатар медальдармен марапатталған.

Әскери адамның психологиясы басқалардан өзгешелеу болады. Сананы тұрмыс билейді дегендей, оның басты себебі әлеуметтік тегістікте жатыр. Адамдардың өзара қарым-қатынасы эмоциялық әсерге толықтай бағынса, әскери адамдарда мүлдем бөлек. «Құп болады», «дәл солай», «кінәлімін», «түзелемін» тәрізді қысқа, әрі түсінікті сөздермен-ақ, ұзақ, толыққанды диалог құрастыруға болады. Бәрі командирдің, демек бастықтың әңгімені қай бағытта жүргізу ниетінде. Жалпы, командир – пір тұтар идол. Ол туралы не жақсы, не ... өте жақсы ғана айтуың керек. Бұл ретте генералдардың орны ерекше. Абайсызда алдына бара ақласаң, мәселенің мәнісіне бармай-ақ: «Сіз – генерал, мен – ақымақ», - деп айтуға асығып тұратындайсың. Кейде, генерал болу үшін қабағыңмен қоршағандарды қорқыта алатын қасиет болуы қажет сияқты көрінеді. Генерал Шацковпен болған бір оқиға туралы осы анықтама аясына сыяды. Тіпті, анекдоттық жағдай десе де болады.

Генерал енді ғана орталық өңірде бой түзеп, шоғырланған әскердің қолбасшысы. Жалпақ тілмен айтқанда, сол жердегі барша әскерилердің «қожайыны». Қызметтік іссапармен бардым. Тәтіп бойынша, барған жерімізде ең алдыменең үлкен бастықтың (гарнизон бастығы) алдынан өтуіміз керек. Мақсатымызды айтып, жоспар-тапсырмамызды көрсету қажет. Округ штабы – қалада, округ әскерлерінің денін құрайтын әскери бөлім қаладан тысқары жерде орналасқан. Арасы бірталай жер. Жеткен жеріміз бөлімге жақын болғандықтан, шыбатқа жетіп үлгермедік. Ұялы байланыс енді ғана еніп жатқан тұс. Қолы жеткендерде ғана бар. Біздің қолымыз қысқалау болды.

Бөлімнің шеңберіне жақындай бергенім сол еді, қарсы келген жеңіл көлік тоқтай қалып, алдыңғы орындықта отырған генерал терезеден «Мен жаттығу алаңында боламын. Шбат бастығы дереу сонда жетсін. Оркестрдің бастығын ала келсін. Оперативті кезекшіге жеткізіңіз» деді де жүріп отырды.  Генералды көріп, есім шығып қалды. «Құп болады» дегеннен басқа сөз табылмады. Кімнің штабы, қайдағы жаттығу алаңы, не қылған оркестр, түсінсем бұйырмасын. Білетінім, қолбасшының бұйрығы, басқасының бәрі бұлыңғыр. Бөлімге кіргенімше, оперативті кезекшіге мән-жайды жеткізгенімше бірталай уақыт өтті. Шамасы, штаб бастығы да, музыкант әріптесім де мен үшін ұрыс естіген болар. Солай ойлаймын. Генералдың алдында тілім байланып қалғанын олар білмеген ле болар.

Мүкін, жағдай мүлде басқаша болған да шығар. Себебі, Владимир Александровичті негізсіз дауыс көтеріп, орынсыз «таяққа жығатын генерал деп білмеймін. Басқаға ұрсып жатқан сәтін де байқамаппын. Біртоға мінезімен есімде қалы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға