Жаңалықтар

Генерал-майор Халиков Әмір Қасымбекұлы

Қарулы Күштер генералдары
Генерал-майор Халиков Әмір Қасымбекұлы
04.05.2017 13:12 5376

Генерал-майор Халиков Әмір Қасымбекұлы

Өмірбаян беттерінен

1964 жылы 30-шы қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген. 1981-ші жылы Свердловск қаласындағы Суворов әскери училищесін, 1985-ші жылы Челябинск танк жоғары командалық әскери училищесін, 1996-шы жылы бронетанк әскерлерінің әскери акададемиясын, 2009-шы жылы ерекше белгімен РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын бітірген. Взвод, рота, батальон командирі болған. Полк командирінің орынбасары, полк командирі, құрама командирі қызметтерін атқарған. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы, «Батыс» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарын абыроймен атақарған. Бас штаб бастығының бірінші орынбасары. 2-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірқатар медальдармен марапатталған. 1 баланың әкесі.

Генерал Халиковты Қабанбай батыр атындағы механикаландырылған құраманың командирі болған тұстан білдім. Сол жылдары жас генералдардың бірінен саналды. Қарамағындағы жеке құрамның сыйластығы өзінше, жергілікті халықтың ризашылығы ерекше болды.

Халқымыз үшін қасиетті, махаббатың символына айналған әйгілі Қозы-Көрпеш – Баян Сұлудың Отаны, тал бесігі. Батырлар мен ақындардың қасиетті мекені. Ауа-райы да өзіне тән ерекше. Жазы ыстық, қысы аязды. Қар қалың түседі. Аякөз қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Міне, сол бір жылдары қалың қарға оранып қалған автокөліктерді табиғаттың «тосын сыйынан» арашалауға әскерлер келетін. «Тұтқынға» түскен талай жолаушыға қол ұшын беруде аянып қалмаған. Әлбетте, басқа уақытта да осы бір әскер мен халықтың шын мәніндегі тұтастығын көруге болады. Бірақ сол жылдары қала әкімшілігі тарапынан дивизия басшылығы атына арнайы алғыс хат тапсырған сәтіне куә болдым. Аякөз халқы жақсылықты бағалай біледі.

Генералдың әскери әулеттен шығып, әскери жолын мектеп қабырғасынан бастағанынан хабардар едім. Ағасын білетінмін, ал інісі Әлібиді сырттай естігенім болмаса, жүздестігім жоқ еді. Сол аякөзде танысудың сәтін салды. Жауапты әскери жаттығулар өтіп жатты. Ағасын қолдауға арнайы келген екен. Қалай болғанда да, әскери өмірден хабары бар азамат қой. Арнайы әскери оқу орнын бітірген офицер. Кеңес әскері сапында тәп-тәуір қызмет еткен. Сапқа тұру мәселесін сұрағанымда: «Ағаларым бар ғой, солардың тілеушісі болсам да жеткілікті»,- деп күлген еді. Бірталай әңгімелесудің мүмкіндігі туды. Бизнеске бой бұрып, Қазақстан нарығына «Ирбис» маркалы сыраның жаңа түрін өндіріп шығаруға атсалысыпты. Күні бүгінге дейін аталмыш маркалы сусынға көзім түссе сол бір жылы жүздесу есіме түседі.

Әмір Қасымбекұлы танк дивизиясы атты «шаруашылығына» мығым болды. Атылған снарядтың жер жарар дауысы, танк моторының ауыр гүрілі тәрізді әскери полигонның сәнін келтіретін көріністер сол тұста тұрақтылық «режиміне» көше бастады. Совер армиясынан мұра болып қалған жаунгерлік қауқары бар құрылымдардың ішіндегі ең атақтысы – Аякөз танк құрамасынығ алғашқылардың бірі болып, жауынгерлік дайындық бойынша бой көтеруі әбден заңдылық деп білемін.  

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға