Жаңалықтар

Gender party кезінде ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

Gender party кезінде ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты
Фото: Видеодан кадр 04.09.2023 09:42 2429

Мексикада жеңіл моторлы ұшақ Gender party кеші кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әуе кемесі іс-шараның ата-аналары мен қонақтарына баланың жынысын әуеден шыққан түтін арқылы көрсетуі керек еді. Көк түтін-ұл, қызғылт-қыз.

Ұшқыш қызғылт түтінді шығара алды, бірақ кенеттен биіктігін жоғалтып, құлай бастады. Ұшқыш кемені адамдардан және ағаштардан аулақ жерге қонуға тырысты, бірақ маневр нәтижесінде ұшақ апатқа ұшырады.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына  құтқарушылар келген. Ұшқыш құтқарушылар келгенге дейін тірі болған. Дәрігерлер ер адамды ауруханаға жатқызды, бірақ ол ауруханада қайтыс болды. Ұшқыш 38 жаста еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға