Жаңалықтар

Газетке подкаст пен фоторепортаж жетіспейді – тәуелсіз журналист

Форум аясында өңірлік басылым редакторларына тәуелсіз журналистер мен білікті мамандар түрлі ұсыныстар жасады
Газетке подкаст пен фоторепортаж жетіспейді – тәуелсіз журналист
Фото: El.kz 26.01.2023 14:54 694

Сарапшылардың айтуынша, БАҚ бүгінгі күні ақпарат таратушы емес, мәдени құндылықты насихаттаушы ретінде қарастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік медиа трансформациясынан қағыс қалмас үшін, газеттердегі контент жаға бағытқа ауысуы керек. Ол әлеуметтік желі арқылы күн-көріске өту қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар республикалық кейбір сайттарды мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіді тоқтату керек дейді олар.

«Кешегі пленарлық сессияда әрбір басылымның сайты болуы керек деп айтылды. Енді оның жұмыс бойынша бірнеше ұсыныстар айта кету қажет. Сайтта тек қана газетке жарияланатын мақалаларды шығармау керек. Егер ондай функциямен жұмыс жасайтын болса, газетті басып шығарудың қажеті жоқ. Сайтта оқырманды тартатын, газет алуды насихаттайтын, газетке қаржы әкелетін дүниелер жариялануы керек», - дейді тәуелсіз сарапшы.

Эксперттер газетке подкаст пен фоторепортажды қосу керек дейді. Подкасттық әлеуеті қазір жоғары болып тұр. Ол тек аудио немесе видео форматында ғана болмайды, оны түрлендіру журналистің өзіне байланысты. Бірақ оның да талаптарын орындамай кез келген сұхбатты подкаст дей беруге келмейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, подкастқа арналған программалар интернетті қажет етпейді. Автоматты түрде көшіріліп, кез келген уақытта тыңдауға ыңғайлы. Интернет желісі төмен аймақтарға таптырмас мүмкіндік.

Сұрақ-жауапқа арналған алтыншы пленарлық отырыста өңірлік редакторлар министрге тікелей сауал қойып, көкейіндегі сұрақтарға жауап ала алды. Мысалға, күн тәртібінен түспей тұрған мәселелердің бірі аумақтарға газеттерді жеткізу. Казпоштаның қызметінің қымбаттауы газеттердің шығынын арттырып қана қоймай, уақытылы жеткізбеу сынды түсініспеушіліктерге әкеліп соғуда.

«Казпоштаның жеткізу уақыты бес жұмыс күнінде іске асады. Қаланың өзінде екі күнге кешігуі мүмкін, бұл әрине жаңалықтың ескіріп кетуіне әкеледі. Оның шешімін табу мақсатында түрлі ұсыныстар қаралып жатыр. Кейбір аумақтар «цветной принт» қою сынды бағыттарды қарастырып жатырмыз. Электронды тіркелу арқылы ауылдық жерлердегі мектеп немесе әкімдікте принтер орнатып, оқырмандарға жедел түрде шығарып, тасымалдау функциясын іске қоссақ па деген ұсыныс талқылануда», - деп жауап қатты министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға