Газада Израильдің санаулы әскері қалды

 © El.kz
Фото: © El.kz

ЦАХАЛ Газа секторының оңтүстігінен 98-дивизиясын шығарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Палестина анклавын бөлетін Нетарим дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір бригада қалмақ. Бұл дәліз ЦАХАЛ-ға Газа секторының солтүстік және орталық бөліктерінде рейдтер жүргізуге және гуманитарлық ұйымдарға палестиналықтарға көмек жеткізуге мүмкіндік береді.

Еске салайық,2023 жылдың 7 қазанында Симхат Тора мерекесінде Хамас ұйымының содырлары мен палестиналық Исламдық жиһад Израильге күшті зымырандармен атқылап, Израильге басып кіріп, жүздеген тұрғындарды өлтіріп, мыңдаған адамды жарақаттап, ондаған адамды ұрлап кеткен еді.

Оқи отырыңыз