Жаңалықтар

Газа Секторында зымыран православ шіркеуінің күл-талқанын шығарды

Газа Секторында зымыран православ шіркеуінің күл-талқанын шығарды
Фото: Әлеуметтік желі 20.10.2023 11:00 1400

Газа Секторында православ шіркеуінің күл-талқаны шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, зымыран көрші үйге құлаған, салдарынан Палестинаның бейбіт тұрғындары жасырынып отқан Қасиетті Порфирия шіркеуінің басты залы құлаған. Құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды шығарып жатыр, онда қанша тұрғын болғаны нақты белгісіз.

Иерусалимдегі православ шіркеуінің епискоы Архиепископ Тивериадский Алексий Грекия телеарнасына берген сұхбатында шіркеудің опырылуынан бірнеше адамның көз жұмғанын, оның ішінде бір бала болғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға