Жаңалықтар

Газа секторында 31 мыңға жуық палестиналық көз жұмды

Газа секторында 31 мыңға жуық палестиналық көз жұмды
Фото: ©Pixabay.com 09.03.2024 18:40 657

2023 жылғы 7 қазаннан бері Газа секторында қайтыс болған палестиналықтар саны 30,9 мың адамнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, эскалация басталғалы Газа секторында 30 960 адам көз жұмып, 72 524 адам жарақат алған.

Өткен тәуліктің өзінде анклавта 82 палестиналық қайтыс болды және 122 адам жарақат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға