Жаңалықтар

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетті
Фото: Видеодан алынған кадр 15.11.2023 18:00 831

Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға