Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды
13.05.2025 18:06
1478

Фото: әлеуметтік желі
Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Спитамен көшесінде орналасқан тұрғын үйде тұрмыстық газ қоспасының жарылуы салдарынан күшті жарылыс болды. Құлаған үйінділер астынан жеті адамның мәйіті табылған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарылыс салдарынан өрт шықпағанымен, ғимараттың темірбетон құрылымдары қираған. Нақтырақ айтқанда, ғимараттың жертөле қабаты мен алғашқы үш қабаты айтарлықтай бүлінген.
Күшті жарылыстан үш ересек пен төрт бала ажал құшқан.
Аталған факті бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазір жарылыстың себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Израиль соққысынан Тегеранда 17 адам көз жұмды