Жаңалықтар

Газ баллон жабдығы бар машиналар айыппұл тұрағына жөнелтілуде

Газ баллон жабдығы бар машиналар айыппұл тұрағына жөнелтілуде
Фото: gov.kz 24.08.2023 20:26 1229

Елімізде «Газбаллон» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары да қалыс қалған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 24 тамызда Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері «Газбаллон» республикалық жедел алдын алу іс-шаралары аясында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейдтер барысында Орал қаласының «Орал», «ASIA MALL» сауда-ойын-сауық орталықтарының, «Юнис сити» және «Олимп» тұрғын үй кешендерінің жерасты автотұрақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 4 фактісі анықталды, олар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс-шаралар барысында барлық автокөлік иелеріне қауіпсіздік талаптары жеткізілді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сонымен қатар, рейдтер барысында автокөлік құралдарына тиісті рұқсатсыз газ-отын жүйесін орнатқан жосықсыз автокөлік иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттары жоқ газ баллонды жабдықтары бар 5 автомашина айыппұл тұрағына жөнелтілді.

«Газбаллон» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінде қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, өзге мақсаттағы және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық типтегі үй-жайлар мен паркингтердегі автокөліктердің тұрағына тыйым салынғанын еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға