Жаңалықтар

Гауһар лига: қазақстандық жеңіл атлет үшінші орын алды

Гауһар лига: қазақстандық жеңіл атлет үшінші орын алды
Фото: instagram.com/altayathletics 29.05.2023 14:03 439

Марокко астанасы Рабат қаласында Гауһар лиганың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аltayathletics мәліметінше, Қазақстан құрамасынан Надежда Дубовицкая биіктікке секіру сынында үшінші орын алды.

Жеңіс украиналық жеңіл атлет Ярослава Магучихке бұйырды (2,01). Екінші орын тағы бір украин қызы Ирина Геращенко (1,91 м) иеленсе, қазақстандық спортшымен бірдей нәтиже көрсеткен сербиялық Ангелина Топич те қола жүлдемен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға