Жаңалықтар

Ғарышқа алғаш рет төрт турист аттанды

Ғарышқа алғаш рет төрт турист аттанды
Фото: SpaceX/Twitter 19.01.2024 16:07 752

Ғарышқа алғаш рет төрт турист аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

SpaceX-тің мәлімдеуінше, Axiom Mission 3 (Ax-3) миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ғарыш туристері ұшырылды.

Аталған операция 18 қаңтарда шығыс уақытымен 16:49-да (Астана уақытымен 19 қаңтардағы 03:49) болды.  NASA-ның Кеннеди атындағы ғарыш орталығындағы ұшыру кешенінен Falcon 9 зымыран тасығышы арқылы Crew Dragon әуеге көтерілді.

Орбита зертханасында экипаж адам физиологиясы мен өнеркәсіптегі технологиялық жетістіктерге арналған 30-дан астам ғылыми эксперимент жүргізеді, - делінген SpaceX сайтында.

Ax-3 экипажының құрамында 4 адам бар:

  • NASA-ның бұрынғы ғарышкері Майкл Лопес-Алегрия (кеме командирі);
  • Италия әскери әуе күштерінің полковнигі Вальтер Вилладей;
  • Швеция азаматы Маркус Вандт;
  • Түркия әскери әуе күштерінің ұшқышы Альпер Гезеравджы.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға