Жаңалықтар

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz 20.03.2024 01:02 474

Ғарышкер Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов –  космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері, Қазақстан Халық Батыры, Қазақстан ӘӘК (ВВС) полковнигі, Қазақтан шыққан ғарышкер. 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға