Жаңалықтар

Ғалымжан Қойшыбаев ЭЫДҰ стандарттарын корпоративтік басқаруға енгізу туралы айтты

Ғалымжан Қойшыбаев ЭЫДҰ стандарттарын корпоративтік басқаруға енгізу туралы айтты
Фото: primeminister.kz 07.12.2023 20:41 419

Қазақстандағы корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері Астанада Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің мұрындық болуымен өткен «Корпоративтік басқару – жаңа сын-тегеуріндер» форумында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік компанияларды корпоративтік басқару жөніндегі жетекші принциптеріне қосылуды жоспарлап отырғанын айтты.

Биыл ЭЫДҰ кеңесі салалық министрлер деңгейінде Корпоративтік басқарудың жаңартылған принциптерін қабылдап, кейіннен ол «Жиырмалық топ» көшбасшыларымен бекітілді.

«Ұсынымдар имплементациясы және ЭЫДҰ стандарттарын корпоративтік басқару тәжірибесіне енгізу жаһандық капитал нарықтарын қазақстандық компанияларға қолжетімді етеді», — деді Ғалымжан Қойшыбаев.

Сонымен қатар ол тиімді стратегиялық және транспарентті менеджмент ұзақ мерзімді кезеңде компаниялардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі элемент екенін, сол себепті Қазақстан Үкіметі корпоративтік басқару процесіне озық тәжірибелерді енгізуге ерекше мән беретінін атап өтті.

Форумға жетекші халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдері, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, қаржы құрылымдарының басшылары және тағы басқалар қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға