Жаңалықтар

Ғалымдар су тазалаудың тиімді тәсілін ойлап тапты

Ғалымдар су тазалаудың тиімді тәсілін ойлап тапты
Фото: gov.kz 12.09.2023 07:29 398

Сәтбаев Университетінің ғалымдары суды баяу сүзу технологиясын қайтадан жаңартып отыр, бұл табиғи су қоймалары бар жерде жоғары тиімді су тазарту құрылыстарын салуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Суды баяу сүзу деп аталатын технологияның құрылысы оңай, әрі оған техникалық қызмет көрсету әдісі де арзан, сондықтан да осы әдіспен шағын ғана ауылды таза сумен қамтамасыз етуге болады.

Суды дайындаудың және тазартудың дәстүрлі технологиялары бірнеше процестерден тұратын күрделі технологияны қамтиды: тұндыру, сүзу және залалсыздандыру. Оның үстіне су қоймаларының қатты ластануына байланысты қолда бар су тазарту құрылғылары тиісті нәтиже бермейді. Екінші жағынан, қазір ауыз судың сапасына қойылатын талаптар да артып отыр, сол себепті су тазарту жүйелерін орнату құны да өсуде. Осының салдарынан шалғайдағы шағын ауылдарда таза судың бағасы қазір алтынмен тең деуге болады.

Сәтбаев Университетінің ғалымдары осыған дейін белгілі болған, алайда ұмыт қалған технологияны, яғни ауыз суды баяу сүзіп тазарту әдісін қайтадан зерттеп, Қазақстанның жағдайына қарай бейімдеді. Жүргізілген зерттеулер баяу сүзу әдісін бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік берді. Осы үшін ғалымдар қолданыста кең таралған табиғи цеолит пен оның модификацияланған нұсқасын пайдаланды, бұл нұсқа табиғи жер үсті суларынан ауыз суды тазартып алу әдісіне арнайы әзірленген болатын.

Ауыз суды дайындауға арналған баяу сүзгілер суды лайдан тазартып қана қоймайды, сонымен қатар оның құрамындағы ерекше органикалық, бейорганикалық ластаушы заттар мен бактерияларды да тазартады. Әрі бұл ретте ешқандай да химиялық реагенттер пайдаланылмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға