Жаңалықтар

Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл тапты

Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл тапты
Фото: shutter_dan 04.01.2024 14:42 566

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері Алматы қаласының ауасын тазартудың инновациялық әдісін ойлап тапты. Ол үшін бір топ ғалым зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсірмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындарының денсаулығы мен экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұмыстар биыл көктемде басталады. Өсімдіктер Алматы облысындағы Көлді агробиостансасының базасында өсіріледі.

Шамамен 5 гектар жерге арнайы сұрыптаудан өткен өсімдіктер егіліп, одан алынған көшеттер әкімдікпен ақылдаса отырып, халық көп шоғырланған аумақтарға отырғызылады.

Біз қалада жасыл аралдар өсіруді жоспарлап отырмыз. Сонда өсімдіктер ауаны зиянды қалдықтардан табиғи жолмен сүзіп, тазартады. Бұл тәсіл аса тиімді. Қоршаған ортаның жағдайын айтарлықтай жақсартып қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына да пайдалы болмақ, - дейді жоба жетекшісі, ғалым-физиолог Асқар Қалекешов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға