16-17 мамырда Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open халықаралық турнирі өтеді. Ұлттық құрама сапынан 16 спортшы ел намысын қорғайды.
16 спортшының қатарында Астанада өткен Grand Slam (2024) турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Ғалия Тынбаева бар. Ол 2025 жылдан бері алғаш рет татамиге оралады. 73 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Бақытжан Әбдірахманов та қатарға қосылды.
Ғалия Тынбаева – 48 келідегі екінші нөмірлі дзюдошы. Қазір әлемдік рейтингте 54 орында тұр. 2025 жылы Банконгта өткен турнирде 3 орын алды. Содан бері татамиге шыққан жоқ. Сондықтан Испаниядағы жарыс Ғалия үшін тағы бір мүмкіндік. Егер 2028 жылы Олимпиада ойындарына барғысы келсе, қазірден ұпай жинай бергені жөн. Өйткені Абиба Әбужақынова қазір 5 орында тұр.
Бақытжан Әбдірахманов 1995 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазір әлемдік рейтингте 141 орында тұр. 2025 жылы 47 орында тұрған. Рейтингте төмендеуіне 2025 жылы Астанада өткен Grand Slam турнирде алған жарақаты себеп болды. Ширек финалда аяғынан жарақат алып, жұбаныш белдесуіне шыққан жоқ. Содан бері Бақытжан алғаш рет халықаралық турнирде бақ сынайды. Артынша Испанияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Ерлер
60 келіге дейін: Айдар Қарғұлов, Асылхан Зинуллин, Нұрдәулет Мейрамбеков
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр, Нұрмұхамед Ботабай
73 келіге дейін: Бақытжан Әбдірахманов, Дастан Шаяхметов
81 келіге дейін: Айғали Қалдыбек
100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев
100 келіден жоғары: Мәди Еділбаев
Әйелдер
48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Зарина Хуснадин
57 келіге дейін: Ботагөз Әділханова, Іңкәр Төлепбергенова
63 келіге дейін: Ханзада Қайратова