Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ның элиталық іріктеу кезеңіне өтті

Қазақстан құрамасы өз алаңында Черногория құрамасын қабылдап, қарсыласын ірі есеппен ұтты
Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ның элиталық іріктеу кезеңіне өтті
Фото: Instagram/kazfutsal 10.11.2022 01:23 1916
Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Черногория құрамасын қабылдап, қарсыласын 7:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды El.kz.

Алаң иелері Черногория құрамасын толық құраммен қарсы алған жоқ. Ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака жастарды сынап көріп, қызу додаға салды.

Жастар да бапкерін жер қаратпады, қарсыластарын 7:0 есебімен ұтып, керісінше мәртебесін бір асырды.

Қазақстан құрамасы сапынан Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4-ші), Арнольд Кнауб (15-ші), Альберт Ақбалықов (21-ші), Біржан Оразов (25-ші, 25-ші) және Азат Валиуллин (40-шы) гол соқты.

Осылайша бұл ойында Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Сонымен бірге қазақстандықтар 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің келесі кезеңіне жолдама алды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға