Жаңалықтар

Футзалдан Әзірбайжанға қарсы ойнайтын Қазақстан ойыншылары анықталды

Футзалдан Әзірбайжанға қарсы ойнайтын Қазақстан ойыншылары анықталды
Фото: ҚР футбол федерациясы 30.09.2023 18:17 623
Қазақстан футбол құрамасының Әзірбайжанға қарсы құрамы белгілі болды. Кездесулер Баку мен Астанада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Әзірбайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 16 ойыншы еніп отыр. 

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ақжол Дәрібай (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Расул Абдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия).

Жаттықтырушылар құрамы: Рикардо Кака – бас бапкер, Дәурен Нұрғожин – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Вендел Луиз – дене шынықтыру жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Қуаныш Ізбасаров – менеджер, Рахат Әкімқұл – администратор.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бакуде Әзірбайжанмен ойнаса, 11 қазанда Астанада дәл осы команданы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға