Жаңалықтар

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу сатысының келесі кезеңіне өтті

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу сатысының келесі кезеңіне өтті
Фото: ҚФФ 09.03.2023 09:25 876

8 наурызда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Пауло Рикардо Каканың шәкірттері сырт алаңда Словения құрамасымен өткен кездесуді 3:3 есебімен аяқтады. Қазақстандықтар кездесу барысында 3:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік беріп, жеңісті мүлт жіберді.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне шықты.

Еске салайық, элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 5 шілдеде өтеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға