Жаңалықтар

Футболшыларға қысым жасаудың қажеті жоқ, олар жауапкершілікті түсінеді - Магомед Адиев

Футболшыларға қысым жасаудың қажеті жоқ, олар жауапкершілікті түсінеді - Магомед Адиев
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 20.03.2024 21:52 567

22 наурызға ауған түні Ұлттар лигасының плей-офф матчы алдында Қазақстан ұлттық құрамасы Грекиямен кездеседі. Афинада ойын алдында бас бапкер Магомед Адиев баспасөз мәжілісін өткізіп, тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Магомед Адиев: Біз команданың функционалдық және психологиялық дайындығына қатысты жұмыс істедік. Бұл матчтың бағасын бәрі жақсы түсінеді. Сондықтан тым қатты қысым жасаудың қажеті жоқ. Жігіттер өздері де бәрін жақсы түсінеді.

El.kz: Құрамада біраз футболшы ораза ұстап жүр. Бұл ойынға әсер етпей ме?

Магомед Адиев: Барша мұсылман жамағатын Рамазан айымен құттықтаймын! Алла Тағала баршамыздың жақсы ойларымызды, дұғаларымызды қабыл етсін. Ойыншылардың көбінде ораза ұстауда тәжірибесі бар. Сондықтан қиындық болмайды деп ойлаймын. Біз Дубайдағы жаттығу жиындарында белгілі бір өзгерістер енгіздік. Ауызашар уақытында жаттығу істеп көрдік.

El.kz: Ертең стадион лық толады деп күтілуде. Бұл проблема болмай ма?

Магомед Адиев: Екі команда үшін стадионның толық болғаны жақсы. Егер бізге стадионда көрерменнің лық толғаны проблема болатын болса, мүлдем келмейтін едік. Бізде қорқыныш жоқ. Мұндай толық стадионда ойнап үйренгенбіз. «Астана Арена» стадионында да 30 мың адам жиналады.

El.kz: Грекия бапкері «Қазақстанды толық зерттедім» деп айтты. Бұған не айтасыз?

Магомед Адиев: Меніңше, ол біздің бір де бір матчта қорғаныста жатып алмағанымызды көрген болар. Тіпті Даниямен кездесуде де солай өрбіді. Ертең де қорғаныста жатпаймыз. Жалпы, қорғаныс пен шабуылда баланс ұстауға тырысамыз.

Айта кетейік, Грекия-Қазақстан матчынан тікелей трансляцияны Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. Матч Афинада 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді. Астана уақытымен 00:35-те басталады. 

Грекия мен Қазақстан кездесуінің жеңімпазы финалда Грузия мен Люксембург арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Төрт команданың үздіктері биылғы құрлық біріншілігінде өнер көрсетуге жолдама алады.

Айта кетейік, Тимур Турлов Грекияны жеңген жағдайда Қазақстан футболшыларына 100 млн теңге сыйақы беретінін айтқан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға