Футболшылар жанынан тастамайтын мате қандай сусын?

Футболшылар жанынан тастамайтын мате қандай сусын?
Фото: коллаж AI / El.kz

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аяқталған соң Лионель Месси Аргентина құрамасындағы әріптестеріне ерекше сыйлық жасады. Ол әр футболшыға есімі жазылған алтын түстес термос, мате ішетін ыдыс, арнайы түтікше (бомбилья) және йерба мате жапырақтары салынған жеке жиынтық табыстады. Бұл сыйлық әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әлем жұртшылығы тағы да матенің деген қандай сусын екеніне қызықты.

Мате деген не?

Бұл сізге жай ғана шай болып көрінуі мүмкін, бірақ аргентиналықтар мен уругвайлықтар үшін мате – ұлттық болмыстың бір бөлшегі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stanley 1913 (@stanley1913_brand)

Мате (йерба мате) – Оңтүстік Америкада өсетін парагвай падубы ағашының кептірілген жапырақтарынан дайындалатын сергітетін сусын. Оның дәмі көк шай мен шөп шайының араласқанындай аздап ащылау келеді.

Мате шөбін арнайы асқабақтан немесе ағаштан жасалған ыдысқа салып, үстіне 70-80 °C шамасындағы ыстық су құясыз. Оны сүзгісі бар металл түтікше  бомбильямен арқылы ішеді.

Бұл дәстүр қайдан шыққан?

Матенің тарихы бірнеше ғасыр бұрын Парагвай, Аргентина, Бразилияның оңтүстігі мен Уругвай аумағында өмір сүрген гуарани үндістерінен басталады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Luis Suárez (@luissuarez9)

Гуарани халқы йерба мате жапырақтарын қасиетті өсімдік деп санап, оны сусын ретінде ғана емес, айырбас құралы әрі діни рәсімдерде де пайдаланған. Кейін бұл дәстүрді испан отарлаушылары жалғастырып, XVII ғасырда иезуит миссионерлері матені кеңінен өсіріп, саудаға шығарған. Сондықтан кейде оны «иезуиттердің шайы» деп те атайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Yerba Mate Argentina (@yerba_mate_argentina)

Неліктен оңтүстікамерикалықтар матені ерекше жақсы көреді?

Аргентина, Уругвай және Парагвайда мате – жай сусын емес, адамдарды жақындастыратын дәстүр. Үйде, жұмыста немесе саябақта отырған адамдар бір ғана мате ыдысын кезекпен пайдаланып ішеді. Мұндай рәсім сенімнің, достықтың және сыйластықтың белгісі саналады. Әсіресе, Уругвай көшелерінде қолына термос пен мате ұстап жүрген адамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл елдің күнделікті өмірінің ажырамас көрінісіне айналған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Матенің футбол әлеміндегі танымалдығына бірнеше себеп бар. Аргентина мен Уругвай құрамаларында ойыншылар жаттығуға, ұшаққа немесе автобусқа маттесін бірге алып жүреді. Жас футболшылар бұл әдетті аға буыннан үйренеді.

Мұндай дәстүр командалық атмосфераны күшейтеді. Бір ыдысты бөлісіп ішу футболшылар арасындағы жақындық пен бірліктің символына айналған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Матенің құрамында табиғи кофеин, теобромин және антиоксиданттар бар. Олар сергектік беріп, зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Сондықтан көптеген спортшылар оны кофеге балама ретінде таңдайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Antoine Griezmann (@antogriezmann)

Кейінгі жылдары мате тек аргентиналық немесе уругвайлық футболшылардың ғана емес, Антуан Гризманн, Эрик Дайер секілді еуропалық ойыншылардың да сүйікті сусынына айналды. Олар бұл дәстүрді оңтүстікамерикалық әріптестерінен үйренгенін жасырмайды.

Матені қайдан сатып алған дұрыс?

Егер алғаш рет мате ішіп көргіңіз келсе, дайын жиынтық сатып алған тиімді. Ол әдетте төрт бөліктен тұрады. Ішінде йерба мате жапырағы, матте ыдысы, бомбилья мен термос бар. Қазақстанда мұндай жиынтықтарды арнайы шай дүкендерінен немесе халықаралық маркетплейстерден табуға болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Yerba Mate Argentina (@yerba_mate_argentina)

Ал йерба мате таңдағанда сапасы дәлелденген аргентиналық және уругвайлық өндірушілерге назар аударған жөн. Әлемде кең таралған брендтердің қатарында Taragüi, Playadito, Rosamonte, Canarias, Cruz de Malta бар. Бұл брендтер Оңтүстік Американың өзінде де танымал.

Оқи отырыңыз