Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы карьерасын аяқтады

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы карьерасын аяқтады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 24.08.2023 15:20 764

Тараз футболының түлегі мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Елдос Ахметов өз кәсіби мансабын аяқтағаны жайлы хабарлады, деп жазды  El.kz ақпарат агенттігі.

2009 жылы павлодарлық «Ертіс» сапында Премьер-лигада дебют жасағаннан бері Елдос «Тараз», «Астана», «Қайрат», «Қайсар» және «Ақсу» сапында өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Мансабында екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Ахметов Қазақстан жастар құрамасында 9 рет алаңға шықса, ұлттық құрама сапында 17 кездесу өткізді.

Қазақстан футбол федерациясы Елдостың ел футболын дамытуға қосатын кәсіби үлесі мен үлкен перспективасын бағалайды. Ұлттық құрамалар департаменті футболшының кәсіби мансабын әрі қарай дамытуға көмектеседі, - делінген федерация мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға