Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен кездеседі

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен кездеседі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.06.2024 11:51 487

11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өтеді.

Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға