Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен ойнайды

Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен ойнайды
Фото: ©El.kz/Мади ИСКАКОВ 06.02.2024 18:06 622

Футболдан Қазақстан құрамасы жазда Армениямен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Кездесу 7 маусым күні Ереван қаласында өтеді.

Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды.

ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға