Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Алматыға "көшеді"

Футболдан Қазақстан құрамасы Алматыға "көшеді"
Фото: ©El.kz/Мади ИСКАКОВ 17.11.2023 10:06 2450

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Арена» стадионындағы жөндеу жұмыстарына байланысты өз ойындарын Алматы қаласында өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құраманың бас жаттықтырушысы Могамед Адиев бұл стадионның ерекше екенін атап өтті.

Бұл стадион мен үшін, жаттықтырушы үшін ерекше стадион. Бұл сатдионда біз жарқын жеңістерімізге қол жеткіздік. Мен жігіттерге «келесі кездескенше» деп лайықты түрде айтуымыз керектігін жеткіздім. Екі жылда не өзгеретінін ешкім білмейді. Қай футболшы қайта оралатыны де белгісіз. Сондықтан, біз лайықты нүктесін қоюымыз керек, деді М.Адиев.

Оның сөзінше, футболдан ұлттық құрама келесі ойындарын Алматыда өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға