Жаңалықтар

Футболдан Премьер-лига командаларының 20-тур ойындары басталады

Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі
Футболдан Премьер-лига командаларының 20-тур ойындары басталады
Фото: azteca.com.ua 14.09.2022 12:53 815

14 қыркүйек күні футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады, деп хабарлайды El.kz.
Аталған тур 14 және 15 қыркүйек күндері өтеді. Бүгін екі ойын болса, 15 қыркүйекте қалған бес кездесу белгіленген.
Алғашқы күні, сағат 19:00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шықса, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Тараз» шеберлік байқасады.
Ал 15 қыркүйек сағат 17:00-де «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездеседі. Сондай-ақ 19:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ақжайық» (Орал), «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары ойнайды. Аталған турды 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға