Жаңалықтар

Футболдан еліміздің жастар құрамасы испандарға есе жіберді

Футболдан еліміздің жастар құрамасы испандарға есе жіберді
Фото: Ашық дереккөзден 17.10.2023 23:41 769

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының үшінші турында елордада Испаниямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Қазақстандық жастар В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Испания, Венгрия, Шотландия, Мальта және Бельгия құрамалары.

Бүгінгі кездесу барысында қазақстандық футболшылар қарсыласына лайықты деңгейде төтеп беруге тырысты. Испаниялық жастардың шабуылына тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығуға көңіл бөлді.

Ойынның 11-минутында испаниялық Фермин Лопес Мартин есеп ашып кетті. Бірінші кезеңде бұдан кейін гол соғылған жоқ.

Екінші кезеңде испаниялық клубтан Диего Лопес - 54, Фран Перес - 56, Саму Омородион 90-минутта мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға