2022 жылғы әлем чемпионатының А тобында Сенегал құрамасы Қатардан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кезеңнің 41-минутында сенегалдық Булайе Диа мергендігімен көзге түссе, 48-минутта Фамара Дьедиу есепті үстемелей түсті.
Қатарлық құрама сапынан Мохаммед Мунтари 78-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша ол өз құрамасының әлем чемпионаты финалдық сатысындағы тұңғыш голының авторы атанды.
Бұдан кейін сенегалдық Бамба Дьенг 84-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Сенегал құрамасы Қатардан 3:1 есебімен басым түсті.
Бұған дейін Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы Аргентинадан басым түсіп, сенсация жасаған еді. Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды.
Кешегі ойында Франция құрамасы да Аустралияны ірі есеппен ұтты. Ал Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ Н тобында Оңтүстік Корея мен Уругвай футболшылары антирекорд орнатты.
Сондай-ақ Португалия құрамасы Гананы жеңді.