Жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионатына 10 күн қалды

20 қарашада Катарда футболдан әлем чемпионаты басталады
Футболдан әлем чемпионатына 10 күн қалды
Фото: sports.kz 09.11.2022 17:28 2074

Катарда өтетін Әлем чемпионатына 10 күн қалды. Төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсеке қарсаңында жанкүйерлер үздік атануы мүмкін командаларды саралауда. Біз бұл қатарға Англияны жатқызамыз. Англиядағы футбол несімен ерекше? Әлемді додада Англияны неге фаворит команда саналады?
 
Англия футболын қозғамас бұрын отандық футболын сөз ете кетсек. Биыл маусымда Астана командасы 7-ші рет ел чемпионы атанды. 2010 жылы «Астана» командасы алғашқы трофейіне қол жеткізді. Бұл команда Чемпиондар Лигасындағы табысты ойындары әлі күнге дейін жанкүйерлер есінде. Сондай жетістікті жолын алдағы ойын маусымында жалғастыратына сенеміз. Футзалдан «Қайрат» командасы УЕФА кубогын жеңіп алғанына куәміз. Биыл Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасында өз тобынан шығып, қазақ жанкүйерлерін қатты қуантты. Кім білсін, осы қарқынынан қайтпаса ұлттық құрамамызға Әлем чемпионатында жанкүйер болармыз.

Англия үшін футбол дәстүрмен тең. Футбол отаны дейміз. Бұған келіспейтіндер бар және футбол отанына Бразилияны жатқызады. Екіұдайы пікірдің болуы футбол  ұқсас ойындар ежелгі Қытай мен Рим болғанын археологтар дәлелдеуде. Спорт мамандарының сөзіне сенсек, футболды Англия елі ойлап тапты, және ойынның негізгі ережесін бекітті.
1857 жылы Англияда бірінші «Шеффилд» футбол клубы ашылады. Бұл команда әлі күнге дейін жанкүйерлерін қуантып жүр.
Футбол отанында 40-тан астам футбол командасы бар. Олардың ішінде әлемге әйгілісі «Ливерпуль», «Манчестер сити», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Челси»  және тағы басқасын атауға болады.

Спорт сарапшылары клубтық командалар арасында бәсекесі ең жоғары Англияның  Премьер-лигасы дегенді алға тартады. Бәсеке болған жерде сапа болатыны анық. Биылғы чемпионатта Англия құрама командасы үздік 5 команданың тізімге енуінің басты себебі бар.

Біріншіден, Англия құрамасы осыдан 56 жыл бұрын Әлем чемпионы атанды. Содан бері төртжылдықтың басты бәсекесінде жолы болмай жүр. Осы сәтсіздік сериясын тоқтатқысы келетіні анық.

Екіншіден, Англия құрамасының сапында «сен тұр, мен атайын» дейтін кіл мықты футболшылар жиналды. Егер олар бабында келсе, кез келген команданы ұтуға шамасы жетеді.

Биылғы әлем чемпионатына қатысатын 32 командада топ-топқа бөлінсе, Англия командасы «В» тобында Иран, АҚШ, Уэльспен кездесіп, пли-офф кезеңге шығуға күш салады.
1 тур, 21қараша , 16:00. Англия – Иран.
2 тур, 25қараша , 22:00. Англия – АҚШ
3 тур, 29қараша , 22:00. Уэльс – Англия.

Гарри Кейн бастаған ағылшын жігіттері жанып тұр. Өз тарихында 2-ші рет Әлемдік кубокты алуға ниетті. Біз оларға табыс тілейміз! 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға