Жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионаты финалының бас төрешісі анықталды

Футболдан әлем чемпионаты финалының бас төрешісі анықталды
Фото: AFP 16.12.2022 12:26 1210

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты финалында польшалық Шимон Марциняк бас төреші қызметін атқарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлем чемпионаты финалында Аргентина және Франция құрамалары кездеседі.

Аталған ойынға Шимон Марциняк бас төреші болып бекітілді. Оған отандастары Павел Сокольницкий мен Томаш Листкевич көмекшілік жасайды.

Польшалық төреші финалда кездесетін екі құраманың да бұған дейінгі ойындарында қызмет атқарды. Ол топтық кеезңдегі екінші турда Франция мен Дания (2:1), 1/8 финалағы Аргентина мен Австралия (2:1) кездесулерінде төрешілік етті.

Финалдағы Аргентина және Франция құрамалары кездесуі 18 желтоқсанда елорда уақытымен 21.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға