Жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін үш кездесу өтеді

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирден көрсетіледі.
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін үш кездесу өтеді
Фото: Getty/Alexander Hassenstein 21.11.2022 14:01 1315

Катарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде үш кездесу белгіленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

А тобында Сенегал - Нидерланды кездесуі елорда уақытымен 22:00- де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, бүгін В тобында бірінші ойын Англия мен Иран арасында болады. Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған топтағы тағы бір кездесу АҚШ пен Уэльс арасында елорда уақытымен 01:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға