Жаңалықтар

Футболдан Африка кубогының ширек финалистері анықталды

Футболдан Африка кубогының ширек финалистері анықталды
Фото: Twitter 31.01.2024 09:19 631

Африка ұлттары кубогының 1/8 финал аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде ширек финалдың барлық қатысушысы анықталды.

Африка кубогы. Ширек финал:

Нигерия — Ангола;
Кабо-Верде — ОАР;
Мали — Кот-д’Ивуар;
Конго ДР — Гвинея.

Естеріңізге сала кетеік, бұған дейін Африка ұлттар кубогы 2022 жылы өтті. Сол кезде финалда Мысырды ұтқан Сенегал турнир жеңімпазы атанған.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды — 0:0 (пен. 4:2).

2024 жылғы Африка кубогы 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында Кот-д’Ивуарда өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға