Жаңалықтар

Футбол: «Шахтер» «Ақсудан» жеңіліп қалды

Футбол: «Шахтер» «Ақсудан» жеңіліп қалды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 30.07.2023 01:19 453

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының «Ақсу» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.

Ойын барысында павлодарлық клубтан Евгений Кобзарь 38, Андрей Соловей 57-минутта мергендік танытты. Оған қарағандылық клубтан Роман Мұртазаев 70-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Ақсу» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) 0:0 есебіне қанағат білдірді. Ал елордалық «Астана» Петропавлда «Қызылжарға» 0:1 есебімен есе жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға