Жаңалықтар

Футбол: Қазақстан-Финляндия матчының төрешілері белгілі болды

Футбол: Қазақстан-Финляндия матчының төрешілері белгілі болды
Фото: instagram.com/kff_team 17.10.2023 06:24 856

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Финляндия мен Қазақстан кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ойын 17 қазаннан 18-не қараған түні елорда уақытымен 22:00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуде босниялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Бас төреші — Ирфан Пельто, оған Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо көмекшілік жасайды.

Төртінші төреші — Милош Гигович.

Жеті турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға