Жаңалықтар

Футбол: Испания құрамасы әйелдер арасында әлем чемпионы атанды

Футбол: Испания құрамасы әйелдер арасында әлем чемпионы атанды
Фото: Instagram/olgacarmona7 21.08.2023 03:36 1101

Футболдан Испания құрамасы әйелдер арасында 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Испаниялықтар үшін бұл тарихтағы алғашқы жеңіс, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Финалдық матчта испан қызлары Англия ұлттық құрамасының футболшыларын ұтты. Кездесу Сидней Олимпиада стадионында өтті және 1:0 есебімен аяқталды. Ағылшын бойжеткендері алғаш рет турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Жеңімпаздар құрамында жалғыз допты Ольга Кармона Гарсия соқты – "Реал Мадридтің" 23 жастағы футболшысы ойынның 29-минутында мергендік танытты.

Үшінші орын үшін талас 19 тамызда өтіп, Швеция Австралияны 2:0 есебімен жеңді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға