Жаңалықтар

Футбол: Чемпиондар лигасының екінші туры басталады

Футбол: Чемпиондар лигасының екінші туры басталады
Фото: instagram.com/championsleague 03.10.2023 21:45 553

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші туры басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күні А, В, С, D топтарында командалар өзара кездеседі.

Олардың қатарында «Манчестер Юнайтед», «Бавария», «Арсенал» және «Реал Мадрид» клубтары бар.

Бүгінгі ойын кестесі мынадай:

А тобы: «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Галатасарай» (Түркия), «Копенгаген» (Дания) - «Бавария» (Германия)

В тобы: ПСВ (Франция) - «Севилья» (Испания), «Ланс» (Франция) - «Арсенал» (Англия);

С тобы: «Унион Берлин» (Германия) - «Спортинг Брага» (Португалия), «Наполи» (Италия) - «Реал Мадрид» (Испания)

D тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Реал Сосьедад» (Испания), «Интер» (Италия) - «Бенфика» (Португалия).

Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 00:50-де «Манчестер Юнайтед» (Англия) мен «Галатасарай» (Түркия) ойындары «Qazsport», «Наполи» (Италия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға