Жаңалықтар

Футбол: Биыл елордалық клуб көш бастап келеді

Футбол: Биыл елордалық клуб көш бастап келеді
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.05.2023 07:27 467

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 11-турында «Атырау» мен «Астана» клубы тең ойын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық клуб биыл турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді.

Ал атыраулық команда соңғы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. Нәтижесінде турнир кестесінде алдыңғы алтылыққа орнықты.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Командалар бір-бірінің қақпасына шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Кездесуде 0:0 есебі тіркелді.

Айта кетерлігі, атыраулық клуб аталған қарсыласына 2016 жылдан бері есе  жіберіп жүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға