Жаңалықтар

Футбол: «Астана» «Тобылды» жеңді

Футбол: «Астана» «Тобылды» жеңді
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 17.09.2023 03:20 547

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-турында «Астана» «Тобылдан» басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған турда елордалық «Астана» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдады.

Елордалық команда биыл бас жүлдеге үміткер саналады. Дегенмен соңғы төрт турда екі мәрте тең түсіп, екі рет жеңілістің ащы дәмін атты. Салдарынан турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.

Бүгінгі кездесу барысында «Астана» жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 5-минутында Дембо Дарбо мергендік танытса, 77-минутта Алекс Аманович есепті ұлғайта түсті.

Ал қостанайлық клубтан Серж Дебле 90-минутта бір гол соқты.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін «Атырау» мен «Қызылжар» 0:0 есебіне қанағат білдірд

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға