Жаңалықтар

Футбол: «Ақтөбе» үшінші іріктеу сатысында жарыстан шығып қалды

Футбол: «Ақтөбе»  үшінші іріктеу сатысында жарыстан шығып қалды
Фото: instagram.com/fcaktobe_official 18.08.2023 00:18 720

Қазақстандық «Ақтөбе» Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында жарысты аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы минуттан қарсыластар бір-бірінің қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Десе де кейбірінде футболшылар қателікке бой алдырса, ендігі бір сәтте қақпашылар шеберлік танытты.

Екінші кезеңде де ойын барысы дәл осындай жағдайда өрбіді. Ойынның 67-минутында «Сепси» сапынан Николае Пэун мергендік танытты.

Осылайша, «Ақтөбе» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Алғашқы кездесуде командалардың ойыны 1:1 есебімен аяқталды.

Екі ойынның нәтижесі бойынша румыниялық клуб жолдама алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға