Жаңалықтар

Фристайлшы Юлия Галышева спорттық мансабын аяқтай ма?

Фристайлшы Юлия Галышева спорттық мансабын аяқтай ма?
08.02.2022 10:29 1509

Бұл туралы қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты. 

Бұған дейін ол Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында осы уақытқа дейін онымен бірге болғаны үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірген еді. 

Мұны спортшы жарыстан кейінгі эмоциям деп түсіндірді. 

Мен мансабымды аяқтаймын деп айтқан жоқпын. Жанкүйерлеріме дәл осы күнге дейін осы жолда менімен бірге болғандары үшін алғысымды айттым. Эмоцияға берілгенім, неліктен сол сәтте көңіл күйімнің болмағаны түсінікті. Дайындалғаныма қарай доданы соңына дейін аяқтай алмағаныма ренжідім. Бұл жерде өзімнен басқа ешкімнің кінәсі жоқ, - деп  ағынан жарылды фристайл-могулден Олимпиада ойындарының қатысушысы. 

Еске сала кетейік, аспанасты елінде өтіп жатқан Ақ Олимпиадада фристайлшы Юлия Галышева медаль таласқа түсетін үшінші додаға дейін өте алмаған болатын.  

baq.kz

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға