Жаңалықтар

Фристайл-могул: қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Фристайл-могул: қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Фото: ҚР ҰОК 06.04.2024 07:29 580

Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, 18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.

Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті. 

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі. Сондай-ақ, ол аталған спорт түрінен екінші чемпиондығын атап өтуде. 

2022 жылы Городко параллельді могулдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға