Жаңалықтар

Францияның экс-президенті бір жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті бір жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: © ВВС 17.05.2023 14:25 642

Париждің апелляциялық соты Францияның экс-президенті Николя Саркозиді «тың тыңдау ісі» бойынша айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2014 жылы Николя Саркози кассациялық соттың қызметкеріне өзінің адвокаты арқылы Монакода қызметке орналасуға көмектесуге уәде берген. Оның орнына ол Саркозидің сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру туралы істі тергеу барысында ақпарат алғысы келген.

Тергеушілер іс барысында телефон қоңырауларының жазбаларына сілтеме жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға