Жаңалықтар

Франциядағы тәртіпсіздік кезінде қала мэрінің үйіне шабуыл жасалды

Франциядағы тәртіпсіздік кезінде қала мэрінің үйіне шабуыл жасалды
Фото: RT 02.07.2023 12:20 743

Франциядағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Л'Аи-ле-Роз қаласының мэрі Винсент Жанбрун жексенбі күні таңертең үйіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшысы бұл әрекетті өз отбасын «өлтіру әрекеті» деп атаған. СNN-нің жазуынша, қазіргі жағдай ушығып тұрғанға ұқсайды. 

Алдыңғы үш түндегідей түнгі сағат 1:30-да қалалық мэрия ғимаратында болғанымда, үйімді көлікпен соғып, содан кейін оны өртеу әрекеті болды. Осы кезде үйде жұбайым мен екі кішкентай балам болды, олар ұйықтап жатқан еді. Жұбайым мен балаларымның бірі шабуылдаушылардан қорғануға тырысқанда жарақат алды, - деп жазылған мэрдің ресми мәлімдемесінде.

В.Жанбрун полицияға және құтқару қызметтеріне көмектескені үшін алғыс айтқан. 

Бірнеше күннен бері Францияда Алжир тумасы 17 жастағы Нахель Мерзукті полиция өлтіргеннен кейін наразылық толқыны басылмай тұр. Апта басында Н.Мерзукті Нантера қаласында полиция қызметкері атып өлтірген. Сенбі күні Нантера мешітінде мапқұмның жаназазы шығарылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға