Жаңалықтар

Францияда Абай шығармасының анимациялық фильмі көрсетілді

Францияда Абай шығармасының анимациялық фильмі көрсетілді
25.05.2023 21:23 525

Қазақстанның Париждегі Елшілігінде Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» шығармасына арналған қысқа метражды анимациялық фильмнің премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«MPL Culture» компаниясының қолдауымен «Қазақстанның Франциядағы әйелдері» қоғамдастығы ұйымдастырған іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері, саяси, академиялық, мәдени және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Анимациялық фильмді Ангулем қаласында оқитын Доминика Қыдырбаеваның жетекшілігімен француз-қазақстандық студенттердің креативті тобы жасады. Мәдени іс-шараның аясында Ғазиза Ғабдрахимова қазақ композиторларының шығармаларын ежелгі қобыз аспабында орындады.

Сонымен қатар, алдағы күндері Ренн мен Парижде ұлы ақынның шығармашылығына арналған іс-шаралар өтеді. Осы қалаларда орнатылған Абай ескерткіштерінің жанында жиналып, қазақстандықтар мен оның шығармашылығын сүйетін француз азаматтары ұлы бабамызды еске алып, өлеңдерін оқиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға