Жаңалықтар

Франция Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар жеткізеді

Франция Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар жеткізеді
Фото: ©AP/Francois MORI 11.07.2023 17:41 896

Франция президенті Эммануэль Макрон Париж Украинаға SCALP зымырандарын беретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Tf1Info мәліметінше, француз президенті Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылын және шайқас майданындағы жағдайды ескере отырып, Украинаға қару-жарақ пен құрал-жабдықтар жеткізуді ұлғайту туралы шешім қабылдаған.

Оқи отырыңыз:

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл шешімді қате деп атады және оның «украин тарапы үшін салдары болуы мүмкін» деп мәлімдеді, өйткені ол Мәскеуді «қарсы шаралар қабылдауға» мәжбүр етеді. Дегенмен Песков ресми Париждің бұл көмегі соғыс қимылдарының барысына әсер етпейтінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға