Франция да, Испания да емес: әлемде туристер ең көп баратын ел қайсы?

Франция да, Испания да емес: әлемде туристер ең көп баратын ел қайсы?
Фото: © Gurgen Bakhshetsyan/shutterstock.com

Туристер ең көп баратын мемлекеттер дегенде көпшіліктің ойына Франция, Испания немесе Италия келеді. Алайда шетелдік саяхатшылардың саны жергілікті халықтың санынан әлдеқайда асып түсетін елдер де бар.

Ұсынылып отырған рейтингте халықаралық туристердің келуі мен ел тұрғындарының саны салыстырылды. Ол БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы (UN Tourism) мен Дүниежүзілік банктің соңғы статистикалық деректері негізінде жасалған. Зерттеуге тәуелді аумақтар енгізілмеген.

Тізімнің көшін Андорра бастап тұр. Жыл сайын небәрі 82 мыңға жуық халқы бар бұл елге шамамен 4,2 миллион шетелдік турист келеді. Яғни әрбір тұрғынға шаққанда 51 туристен келеді. Бұл көрсеткіш рейтингте екінші орын алған Монакодан бес еседен де жоғары.

Монако. Фото: unsplash.com/<a class="name-bimlc4 truncate-Pc_c1s resetAnchor-rkYpCn nameLight-wQd_Au" href="https://unsplash.com/@victorhwn725" data-discover="true" rel="nofollow">Victor He</a>
Монако. Фото: unsplash.com/Victor He

Франция мен Испанияның арасында орналасқан шағын князьдікке негізінен көрші елдердің тұрғындары келеді. Соңғы жылдары Ұлыбритания, Германия және АҚШ-тан келетін туристер саны да айтарлықтай артқан. Өз әуежайы болмаса да, Андорра бүгінде Еуропадағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналды. Ел экономикасының шамамен 80 пайызы туризмнен түсетін табысқа тәуелді.

Туристерді Андорраның тау шаңғысы курорттары, термалды кешендері, көркем тау табиғаты мен астанасы Андорра-ла-Велья қызықтырады. Сонымен қатар елдегі баж салығынсыз сауда жасау мүмкіндігі де шопинг әуесқойларын өзіне тартады.

Рейтингтің жоғары бөлігіндегі елдердің басым бөлігі – арал мемлекеттер. Олар Жерорта теңізі, Кариб бассейні, Үнді және Тынық мұхиты аймақтарында орналасқан және экономикасының едәуір бөлігі туризмге сүйенеді.

Мәселен, Мальтада әр тұрғынға шаққанда 6,3 туристен келеді. Бұл көрсеткіш бойынша ел Исландиядан (5,6) жоғары тұр.

Мальта. Фото: unsplash.com/<a class="name-bimlc4 truncate-Pc_c1s resetAnchor-rkYpCn nameLight-wQd_Au" href="https://unsplash.com/@magdaleny" data-discover="true" rel="nofollow">Magdalena Smolnicka</a>
Мальта. Фото: unsplash.com/Magdalena Smolnicka

Кариб өңірінде көш басында Багам аралдары орналасқан. Мұнда әр тұрғынға 4,7 туристен келеді. Одан кейін Антигуа мен Барбуда (3,5) және Барбадос (2,5) тұр. Ал Үнді мұхитындағы Мальдив аралдарында бұл көрсеткіш – 3,2, Сейшел аралдарында – 2,8.

Рейтингке шағын мемлекеттер ғана емес, халқы миллиондап саналатын елдер де енген. Соның ішінде Португалия, Австрия және Хорватия жыл сайын өз тұрғындарының санынан көп шетелдік турист қабылдайды.

Португалияда әр тұрғынға шаққанда 2,7 турист келеді. Лиссабон мен Порту сияқты тарихи қалалар, сондай-ақ Алгарве өңірінің әйгілі жағажайлары елді Еуропадағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналдырған.

unsplash.com/<a class="name-bimlc4 truncate-Pc_c1s resetAnchor-rkYpCn nameLight-wQd_Au" href="https://unsplash.com/@aayush_gupta" data-discover="true" rel="nofollow">Aayush Gupta</a>
unsplash.com/Aayush Gupta

Ал Австрияда бұл көрсеткіш 2,9, Хорватияда 4 туристі құрайды. Бай тарихи-мәдени мұрасы, сәулет өнері, теңіз жағалауы мен көне қалалары бұл елдерге жыл сайын Еуропа мен әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған саяхатшыны тартады.

Оқи отырыңыз