Жаңалықтар

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.03.2024 13:30 581

Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық кешенінде «Ұлттық спорт» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Іс шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ұлттық спорт ардагерлері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері және спортшылар қатысты.

Жиын басында алғы сөз алған Ермек Маржықпаев барша жиылған қауымды мерекемен құттықтап, ұлттық спортты ұлықтауға шақырды.

Ұлттық дәстүрлерімізді айшықтайтын Наурыз мерекесі құтты болсын! Игіліктер бастауы болған Наурыз мерекесі елімізде енді жаңаша аталып өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Наурызнама тұжырымдамасы бекітілді. Сол себепті бүгін ұлттық спорт күнін атап өтудеміз. Ат құлағында ойнау - қанымызда бар қасиет. Бәйге, көкпар, алдараспақ, садақ ату сияқты спорт түрлерінің кең таралуы - осының дәлелі. Қазақтың ұлттық ойындары мәдени-патриоттық тәрбие беріп, денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді,-деді министр.

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

«Жыл басы» қарсаңында тойланып жатқан атаулы датада жиналғандардың қарасы ұлттық спорт ойындарымызды қайта жаңғыртпақ ниетпен білек сыбана ойынға кірісті. Бірі көкпар шауып, енді бірі қыз қуса, үшіншілері ептілік пен батылдықты талап ететін аударыспақ ойынында алдына жан салмады. Сонымен қатар алаңда жиналғандар теңге ілу, садақ ату, тоғызқұмалақ және асық атудан біліктілігін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Мерекелік іс шара барысында Астана мен АҚШ құрамалары арасында көкпардан достық матч өткізілді. Америкалық кавбойлармен көкпар тартысатын «Астана» көкпар клубының президенті Ерлан Қанафин да сөз алып, өз кезегінде алыстан келген қонақтарымызға алғыс білдірді.

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Америкадан ат үстінде ойнайтын шабандоздар келді. Десе де, біздің батырлар да осал емес. Тартысты ойын болатынына сенімдімін. Бүгінгі достық матчта  3-те 3 болып кездесеміз. Бағдарламада ауыр салмақтағы аударыспақ, түйе палуан, ат үстінде күресу, теңге ілу, одан кейін қыз қуу және  көкпар сияқты ұлттық ойындар көрсетіледі, - деп нақтылады Қанафин. 

Америкалық шабандоздар да бейтарап қалмай, қазақтың ат үстіндегі шеберлігіне бас иді.

Қазақ жеріне келгеніме қуанышымтымын. Қазақтар - ат құлағында ойнайтын хас шеберлер. Біздегі ат спортымен айырмашылық байқалса да, адамдардың осы спорт түріне арнаған еңбектері бірдей. Біз қазақ спортшыларының ат үстіндегі сенімділігіне тәнтіміз,-деді Кэйси Филд.

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Сондай-ақ шара барысында спорт ардагерлерінің ерең еңбектері дәріптеліп, министр қолынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Мәселен, КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев, тоғызқұмалақтан ҚР екі дүркін чемпионы Мейрамқұл Ноғайбаев, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Мейрамғалиев, белгілі спорт журналисі, жазушы Несіп Жүнісбайұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Құламхан Жақыпов, асық атудан ұлттық құраманың бас бапкері Жомарт Сабыржанов және атбегі Мейрамбек Чакеновке сый-сияпат табысталды.

Ұлттық спорт ойындарын тамашалауға келгендерге қазақтың тазы иттері мен бүркіттердің мықтылығы көрсетіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі ұсынылды.

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Фоторепортаж: «Ұлттық спорт – ұрпаққа өнеге»

Фото: Артем Чурсинов

Мерекелік бағдарлама концертке ұласып, тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға