Жаңалықтар

«FOLK & SYMPHONY» жобасы аясында жаңа альбомның тұсауы кесілді

Отырыста «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, композитор Ақтоты Райымқұлова жаңа жобаға тоқтала кетті
«FOLK & SYMPHONY» жобасы аясында жаңа альбомның тұсауы кесілді
Фото: El.kz 18.10.2022 18:45 2971
«ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» жобасына арнап өткізген баспасөз конференциясында жаңа альбомның тұсауы кесілді, деп хабарлайды El.kz.
 
Отырыста «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, композитор Ақтоты Райымқұлова жаңа жобаға тоқтала кетті.
««ТURAN» ансаблі ата-бабаларымыздан қалған мұраны барша дүниеге көрсетіп, қазақстандықтарға дәрістері мен концерттерін беру арқылы жаңа жобаны бастап, өнерімізге жаңа леп әкелуде. Ол фольклорлық ансамбль мен симфониялық оркестр екеуінің тоғысқан шығармасының дүниеге келуі. Оны дүние жүзінде кездеспейтін, бірегей жоба деуге болады», - деді.
Оған қоса «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің мүшесі Мақсат Медеубек аталған жобаны іске асыру барысы жайлы айтты.
«Бұл жобаның бастауы 2008 жылдан бері келе жатыр. Студент кезімізде оқу орнымыздағы симфониялық оркестр құрамында алғаш рет ойнадық. Содан бері әлем музыка мәдениетінде Ақтоты Рахметоллақызы дара жобаны дүниеге алып келіп отыр. Бұл үлкен симфониялық поэма. Оның қиыншылығы бірікпейтін екі мәдениеттің тоғысуында», - деді.
Сонымен қатар «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің мүшесі Серік Нұрмолдаев өздерінің ең бақытты топтың біріміз деп отыр.
«Қазақтың фольклорлық өнерін насихаттап жүрген орындаушылардың ішінде ең бақыттысы біз десе де болады. Нью-Йорктегі «Корнеги Холл», Берлиндегі «Концерт үйі» сынды үлкен залдарда өнер көрсеттік», - деді.
Айта кетейік, «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 18 қараша күні «FOLK & SYMPHONY» жобасы аясындағы концертін алғаш рет Астанада өткізгелі отыр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға